Простатит » 1 сыныпта ата аналар жиналысын ?алай ?ызы?ты ?ткізуге болады

 

Бірге ойнаймыз ата-аналар жиналысы

19.04.2015, 10:20

 

17 қараша 2014 жылы Биология және биотехнология факультетінде «Әйел және дін» атты ашық кураторлық тәрбие сағаты  өткізілді

Тәрбие сағаты Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының директоры ф.ғ.д., профессор З.М. Қодардың баяндамасымен басталды.  Қазіргі кездегі ел ішінде іріткі салып, халықтың патриоттық сезімін құртып, мәңгүрт етуге тырысып жатқан дәстүрлі емес, діни ұйымдардың көбі, батыстық  және шығыстық бағыттағы діни ұйымдар кездеседі. Аталғыш діни ағымдардан сақтану көзі «от басынан» басталады. Демек бүгінгі жастардың діни сауаттылығын дамытуда ата-ананың алатын орны зор. Дұрыс тәлім тәрбие алған отбасында діни сауаттылық жоғары деңгейде болуы керек.

Замза Муташевна тәрбие сағатында зайырлы қоғамдағы діни ағымдардың әсері, мұндағы «зайырлы қоғам-әйел-зиялы әлеует» деген ұғымдардың мазмұнын кең  талқылады. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, көкейіне жүрген сұрақтарға жауап алды. Тәрбие сағатына қатысушы студенттер екі топқа, діни сауаттылығы жоқ жеке тұлғалар және екіншісі дәстүрлі емес ағымдар туралы хабары барлар болып бөлінді. Олар бүгінгі қоғамдағы алуан түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына не себеп, зайырлы қоғамда халықтың діни сауаттылығын арттыру туралы мәселелерді қалай дамытуға болады деген сұрақтарды қарастырды. 

Тәрбие сағатында қазіргі кездегі жаңа діни ағымдар: бахаизм өте қауіпті діни бірлестіктерден, шайтандық топтар, мұндағы сатанизм, антихристиандық, талсымға деген құштарлыққа еніп есірткі көздеріне түсуден сақтануды, алля аят ұйымдарынан сақтауды, ата жолы адамның денсаулығына зиян келтіретін қауіпті топтардан сақтануға шақырды. Ашық тәрбие сағаты қызу талқылау барысында өтті. Студенттер және магистранттар діни ағымдардың кері әсерлерін кең форматта түсіндіріп бірі қарсылығын білдірсе, бірін -бірі білмегендерін дәлелдеп баяндады. Бір қызығы өздерінің тақырыпқа деген қызығушылығы жоғары және бүгінгі күннің мәселесі екендігі айқындалды. Әсіресе Қазақстанда еліміздің қоғамдық даму бағытында әйелдердің алатын рөлі басты назарда тұр екенін атап өтті. Кеш соңында Замза Мұташевна студенттерді «Әйел және дін» атты тәрбие сағатына белсенділік танытып қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Ұйымдастырушылар: Биотехнология кафедрасының оқытушылары, 1-4 курс куратор-эдвайзерлері доцент Ерназарова Г.И., доцент Турашева С.К., доцент м.а. Оразова С.Б.

Қатысқандар: Биология және биотехнология факультетінің оқу және тәрбие іс жөніндегі деканның орынбасары б.ғ.к., доцент Мукатаева К. А.;  Биотехнология кафедрасының аға эдвайзері Болекбаева А.;  1 курс БТ 104 топ студентері, 4 курс КБТ 210К топ студенттері,  2 курс БТ1301К, БТ1314К топ студенттері, 1 курс магистранттары. 

 

 

 

2014 жылы қараша айының 5 жұлдызында Биология және биотехнология факультетінің деканатына Талдықорған қаласындағы дарынды балалар оқитын № 24 лицейден 11 класс оқушыларына көмек ретінде қосымша сабақ өткізуге ұсыныс келіп түсті. Биотехнология кафедрасының доценттері б.ғ.к. А.Е.Ережепов пен б.ғ.к.С.К.Турашева 27 оқушыға биологияның биохимия және биотехнология салалары бойынша сабақ жүргізіп, оларды республикалық және халықаралық олимпиадалардың есептерімен және тапсырмаларымен таныстырды. Сонымен қатар оқушылар кафедраның зертханаларында болып, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және олардың нәтижелерімен танысты. Оқушылар тарапынан, интернет желісін пайдалана отырып, «тапсырма – жауап» жүйесін жолға қою мәселесі бойынша ұсыныс келіп түсті. Бұл ұсыныс толығынан қабылданды.

 

2014 жылдың 4 қараша молекулалық биология және генетика кафедрасында «Тірі ағзалардың ғылыми зерттеулерінде қолдануына байланысты этикалық аспектiлерi» тақырыбына дебаттар өткізілді. Дебаттарды ағылшынша екі «Биотехнология» мамандығының топтарымен бірге кафедрасының профессор қ.а. Бияшева З.М. жургізілді.

 

 

 

______________________________________________________________________________________________

 

04.11.2014ж. 10.10.2014ж. сағ. 10:30 Проферентациялық іс-шара жүргізілді Талдықорған қаласының Дарынды оқушыларға арналған №24 лицей оқушыларына зертханалық аудиторияны, музейді, кафедрамен таныстырдық және Атанбаева Г.Қ. зертханалық сабақтарына қатысты.
 

 


10.10.2014ж. сағ. 10:30 Проферентациялық іс-шара жүргізілді №86 мектеп оқушыларына зертханалық аудиторияны, музейді, кафедрамен таныстырдық және аға оқытушы б.ғ.к. Кулбаева М.С. және Атанбаева Г.Қ. зертханалық сабақтарына қатысты.

  

 

02.10.2014ж. сағ. 10.00-12.00 «Сенбілік» Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі С.Т. Төлеухановтың басқаруымен куратор-эдвайзерлері және студенттері қатысуымен университет деңгейіне өтті.


 

 

 

   ҚР Президенті Қорының Алматы облысы Қарасай аудандық бөлімі Департаментінің ұйымдастыруымен 29.10.2014 жылы Қаскелен қаласында осы аудан мектептерінің бітіруші оқушылары арасында биология пәндері бойынша пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға ауданның 21 орта мектептерінен 150-ден астам оқушылар қатысты. Олимпиаданы өткізуге Биофизика және биомедмцина кафедрасының профессоры Н.Т.Торманов пен биотехнология кафедрасының доценті А.Е.Ережепов шақырылды. Пәндік олимпиада теориялық және практикалық тур бойынша жүргізілді. Оқушылар арасында биология және биотехнология факультетіндегі мамандықтарға қатысты бағыт-бағдар жұмысы жүргізіліп, әрбір оқушыға факультет буклеті табыс етілді.

 

    Ал 09.11.2014 күні ҚР Президенті Қорының ұйымдастыруымен осы аудан орта оқу орындарының биология пәндерінен сабақ жүргізетін оқытушыларының білім деңгейлерін бағалау бойынша конкурс ұйымдастырылып, бұл жұмысқа да Н.Т.Торманов пен А.Е.Ережепов шақырылды. Қаскелен қаласындағы Абай атындағы орта мектепте өткен бұл конкурсқа Қаскелен қаласы мен ауданның 20 орта мектептерінен 26 мұғалім қатысты. Сынақтан соң мұғалімдерге сабақ берудің инновациялық технологияларымен таныстыру мақсатында 2 сағаттық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, дәріс-әңгіме өткізілді.

 

 

2014 ж. 11 қазанда «Ауылшаруашылық селекциясының негіздері» атты курс мамандығы аясында ТОО «Тургень» жекеменшік агрофирмасының мәдени тұқым егу шаруашылығының негізінде «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттері үшін шығу семинарлары жүргізілді. Студенттер өндіріске енгізілетін дәнді-дақылдардың жаңа сорттары (бидай, арпа, жүгері), майлы (сафлор) және дәнді-бұршақ дақылдар (соя), тұқым дақылдарының өсіру инновационды технологияларымен танысты, тамшылап суару технологиясын қолдану негізінде алмалардың 15 қысқа бойлы сорттары өсірілетін интенсивті баққа кіріп шықты.

 

 

09.10.2014 ж.. сағат 12.30-13.20 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетте «Бірінші курстың студенттерді («5В060700-Биология» мамандығы) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеттінің ғылыми-зерттеу лабораториясымен таныстыру» тақырыбымен ашық эдвайзер-кураторлық сағаты өткізілді. Биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзері Бақтыбаева Л.Қ.

 

 

 

 

 

«Бірінші курстың студенттерді («5В060700-Биология» мамандығы) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеттінің ғылыми-зерттеу лабораториясымен таныстыру» тақырыбымен ашық эдвайзер-кураторлық сағаты. Өткізу орыны: БОК № 6, өткізу уақыты: 09.10.2014 ж. сағат 12.30-13.20. Биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзері Бақтыбаева Л.Қ.

 

 

 

22 қыркүйек күні сағ. 14:30. студенттерге қызмет көрсету «Керемет» орталығында биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасы және факультетіміздің «Сұңқар» студенттер кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен Тілдер апталығына орай «Өнер алды- қызыл тіл» атты поэзиялық кеш университет деңгейінде өткізілді.Кешімізді биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д.,профессор  С.Т Төлеуханов: «Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы» деп ашып берді.

Жиынға қатысқандар:деканның оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қ.А.Мұқатаева., Аблайханова Н.Т., Кулбаева М.С., Швецова Е.В., Срайлова Г.Т., Асқарова З.А. Бақтыбаева Л.Қ., Атанбаева Г.К., Уршеева Б.И. және факультетіміздің «Сұңқар» студенттер кәсіптік бюросының мүшелері.


 

 

 

08.09.2014 ж. биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы, жаратылыс ғылымдарының академигі Сапаров Қуандық Әбенұлы №7 жатақханада Биология және биотехнология факультетінің қазіргі жағдайы мен келешегі туралы бірінші курс студенттеріне дәріс оқыды. Студенттер қызығушылықтарын танытып, көптеген сұрақтар қойды.


 

 

 

 

4-5 қазан 2014 ж. Адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика бағытты бойынша ғылыми мектептерінің құрылғанының 75 жылдығына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналған «Физиологияның, биофизиканың және медицинаның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.

 

 

 

 

23 қыркүйек 2013 ж. сағ. 14.00.ББ-12-01 және ББ-12-03 топ студенттернің ұйымдастыруымен  «Тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі»  атты биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы  б.ғ.к., Г.Қ. Атанбаеваның ұйымдастыруымен факультет деңгейінде  іс-шара өткізілді.

 


 

 

 

 

11сәуірде 2014ж. сағ. 14.30 427 ауд.  Биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі С.Т. Төлеухановтың басышылғымен «Хронобиология және хрономедицинаның өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылми семинар жұмысы өткізілді.

 

 

 

 

8-11 сәуір 2014ж. 1 Халықаралық Фараби оқулары Жас ғалымдар мен студенттердің "Фараби әлемі" атты халықаралық конференцияның жұмыс барысында биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі С.Т. Төлеухановтың басшылығымен кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары баяндама жасады және жүлделі орындарға ие болды.

 

 

 

 

 

12 қазан  2013 ж. сағ.10.00. ҚазҰУ қалашығында өткен қалалық сенбілікте биофизика және биомедицина кафедрасының  ұжымы тазалау жұмысында өзінің белсенділігін көрсетті.

 



 

 

 

   04.04.2014ж  сағ. 15.00 ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің  «Гринкампус» бағытында биофизика және биомедицина кафедрасының  ұжымының ұйымдастыруымен жаңа кітапхананың алдына және 4 блок биология және биотехнология  алаңында гүлдер отырғызды. Қатысты:  Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор  С. Т. Төлеуханов осы кафедраның меңгерушісінің орынбасары ҒИҚ бойынша, б.ғ.к., доцент Г. Т. Сраилова, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары б.ғ.к., доцент Н. Т. Абылайханова, профессор Н.Т. Торманов, кафедра доценттері: м.ғ.к., А. Б. Еланцев, б.ғ.к., З. А. Асқарова, Б. К. Дощанова, С. С. Маркеева, Л. Қ. Бақтыбаева, Л. Ж. Гумарова, аға оқытушы    Е. В. Швецова, б.ғ.к. аға оқытушы М. С. Құлбаева, ассистент Б. Уршеева, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының және жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі б.ғ.к., Г. Қ. Атанбаева.

 


 

 

 

 

4-5 қазан 2013 ж. Адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика бағытты бойынша ғылыми мектептерінің құрылғанының 75 жылдығына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналған «Физиологияның, биофизиканың және медицинаның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.

 

 

 

 

 

№7 студенттер үйінде 2014 жылдың наурыз айының 4-жұлдызында  биотехнология кафедрасының доценті Г.Ж.Абдиева, МБТ 201-202қ топтарымен қосылып ҚазҰУ-дың студенттері оқуға тиіс 100- кітап жоба аясында сол оқылатын кітаптарды талқылады. Оның ішінде негізінен талқыланған кітаптар: «Махаббат қызық мол жылдар», «Ұлпан» болды. Бұл кітаптарды оқып, соны өмірде қолдана білген адамдарға мол асыл қазына болатындығын студенттер талқылау барысында айқындап көрсетті. Студенттер тек мамандық бойынша оқып қана қоймай, классикалық шығармаларды да оқитынын көрсетті. 

 

 

                             

 

 

23.09.2013 – 05.10.2013ж. аралығында Бен-Гурион университетінің медицина факультеті клиникалық биохимия кафедрасының (Бэер-Шева, Израиль) профессоры М.П. Даниленконың «Физиология, биохимия және медицинаның заманауи мәселелері» курсы бойынша дәрістері оқылды. 


 

 

 

 

02.10.2013 – 15.10.2013 ж. Дрексель университеті хирургия кафедрасының (Филадельфия, АҚШ) профессоры З.С. Орынбаеваның "Биотехнологияның, биоэнергетиканың және медицинаның заманауи мәселелері" курсы бойынша дәрістері оқылды. 

 


 

 

 

 

Наурыз айының 12-жұлдызында  сағат 18-00 №7 жатақханада Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.Т. Төлеухановтың басқаруымен және кафедра оқытушыларының қатысуымен б.ғ.к., доценттері Н.Т. Аблайханова, З.А. Асқарова,  Г.Т.  Сраилова, аға оқытушысы М.С. Құлбаева, оқытушысы Г.Қ. Атанбаева, Б.И. Уршеева "Бақытты әйел - өмір гүлі"  атты  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналған көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, ұстаздардың мерейлі мерекесіне арналған әдеби кеш өтті.  

Ұйымдастырушы: Биология және биотехнология факультетің биофизика және биомедицина кафедрасы.



 

 

 

 

 

14.02.2014 жылы биофизика және биомедицина кафедрасының «Биофизика және биомедицина мәселелері» үйірмесінің ұйымдастыруымен кафедра меңгерушісі, профессор С.Т.Төлеухановпен «Оңтүстік Кореяға іс-сапар» тақырыбында семинары өтті. Семинарда іс-сапардың негізгі мақсаттары, сондай-ақ Корея елінің білім сапасы жөнінде жақсы ақпараттар берілді.

 

 

 

 

07.02.2014  жылы биофизика және биомедицина кафедрасы «Биофизика және биомедицина мәселелері» үйірмесінің  ұйымдастыруымен кафедра профессоры  Н.Т.Тормановпен  «Бас миы және физикалық денсаулық» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарда  студенттер көптеген қызықты мәліметтермен танысты.

 

 

 

Биология және биотехнология факультетінің оқу жоспарына сәйкес 5В060800-«Экология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің 2014 жылдың 20 қаңтарынан 1 ақпанға дейін өткізілген педагогикалық практиканың тәрбиелік сағаттарында «Биофизика және биомедицина» кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Т.Төлеуханов, кафедраның оқытушылары Н.Т.Торманов, Н.Т.Аблайханова, М.С.Кулбаева, Е.В.Швецова, Г.Қ.Атанбаева, Б.И.Уршеева ұйымдастыруларымен Алматы қаласындағы РФМШИ, Ч.Валиханов атындағы № 12 гимназияда, А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда, № 134 лицейде оқитын оқушылардың болашақ кәсіби мамандықтарын таңдауға бағыт беретін профориентациялық жұмыстарын жүргізді. Оқушылар университетіміз жайында көптеген мағлұматтар алды, ҚазҰУ қалашығына, факультетіміздің биомүзейіне экскурсия жасады, кафедрамыздың ұстаздарымен кездесті.

 

27 ақпан 2014 жылы биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында профессор К.Ә. Дәуітбаеваның жетекшілігімен "Техногенді жағдайда алғашқы топырақ қалыптасуындағы микро- және мезофауна топтасуларының қалыптасу ерекшеліктері" тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.

 

 

 

 

Биотехнология кафедрасында 10.02.2014 Битехнология мамандығының 4 курс студенттер арасында ғылыми журнал шығару конкурс жариаланды. Мазыбаева Корлан, Нургожаева Агилан, Кайрат Бахытжан конкурс жеңімпаздары болып шықты.

Конкурсты ұйымдастырғандар биотехнология кафедрасының оқытушылары - проф. Атабаева С.Д., доцент Асрандина С.Ш. , профессор Шоинбекова С.А., Проф. Кенжебаева С.С.

 

                                         

 

 

 2014 жылдың 7-8 ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде (Алматы қ-сы, Қазақстан) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығы мен б.ғ.д., профессор Иващенко Анатолий Тимофейұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Жүйелі биологияның даму келешегі» атты Халықаралық симпозиум болып өтті.


   

 

5-ші қаңтарда 2014 жылы №7 жатақханада биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры Сапаров Қуандық Әбенұлы студенттерге «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының дәстүрлі жолдауы туралы дәріс оқыды. 

 

 

 

 

 

 

Экология мәселелері Ғылыми-зерттеу институтының 20 жылдығы қарсаңына Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі  «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен келесі ғалымдарды марапаттады:

1.  Биғалиев Айтқажа Биғалиұлы – экология мәселелері ҒЗИ негізін салушы, бірінші директоры және экология, қоршаған ортаның мутагенезі, радиациялық генетика және цитогенетика ғылымдарының ірі ғалымы.

 

2.  Жұбанова Ажар Ахметқызы – экологиялық биотехнология және нанобиотехнология ғылымдар саласындағы белгілі ғалым.

 

 

3.  Шалахметова Тамара Минажқызы – клеткалық биология және экология ғылымдар саласындағы ірі ғалым.

 

4.  Сальников Виталий Григорийұлы – қоршаған орта сапасын басқару, климаттық өзгерістер және экологиялық тәуекелдер салаларындағы жетекші маман.

 

Сонымен қатар, климаттық өзгерістер, ұзақмерзімді ауа райы болжамдары және атмосфераның жалпы айналымының ерекшеліктері салаларының маманы Турулина Галина Константинқызы Қазақстан Республикасының білімін дамытуда қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 

 

 

 

 

 

   

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дене шынықтыру және спорт кафедрасы және спорт клубта 18 қаңтар 2014 жылы сағат 11:00 де университеттің тұған күніне арналған университет түлектері мен студенттер арасында спорттың 6 түрінен: волейбол, бадминтон, үстел теннисі, шахмет, кіші футболдан спорттық мереке болып өтті.

Жарыс қорытындысы:

Волейболдан: Тікетірескен ойын барысында ҚазҰУ студенттері командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бадминтоннан: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, география факультетінің түлегі Ж. Дәулеталиевтің басшылығымен түлектер командасы жеңіске жетті.

Үстел тенисінен: 4:3 есебімен ҚазҰУ студенттері командасы жеңіске жетті.

Шахматтан: 4,5:3,5 есебімен команда капитаны ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің профессоры, ф.-м.ғ.д. М. Жусупов басшылығымен түлектер командасы жеңіске жетті.

Кіші футболдан: 6:5 есебімен түлектер командасы жеңіске жетті. Команда құрамында заң факультетінің түлегі Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Р.Т. Ахатов ойын көрсетті.

Дартс: 4:3 есебімен ҚазҰУ студенттері командасы жеңіске жетті.

 

 

 

«Айтуға оңай...» қоғамдық әлеуметтік бағдарламасының «Өзгеріске ұшыраған өнімдер: пайдасы мен зияны» атты түсірілімі

01.11.2013 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тапсырысы бойынша «Медеткер студия» ЖШС түсіретін «Айтуға оңай...» қоғамдық әлеуметтік бағдарламасының «Өзгеріске ұшыраған өнімдер: пайдасы мен зияны» атты түсіріліміне ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының аға эдвайзері Болекбаева А.Б.,  молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушысы Басығараев Ж., биотехнология мамандығының 3-4 курс студенттері эдвайзерлерімен  б.ғ.к.Уалиева П.С., б.ғ.к. Кайырманова Г.К. қатысты.  Түсірілім барысында гендік модифицирленген өнімдер туралы талқыланып, студенттер ғалымдардың, әр түрлі мамандардың деректерімен, көзқарастарымен танысып, өз ойларымен бөлісті. Түсірілімге санитарлы-эпидемиолог мамандар, ғалымдар, заңгер, Алматы Технология университетінің оқытушылары қатысты.

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік тұғырым» салтанатты кеші

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым» 

Мақсаты: Студенттерге  қазақ халқының бастарынан кешкен қиындықтар мен күрестер туралы айта отырып, бүгінгінің жеткен жемісі туралы айту. Бойларына адамгершілік, отаншылдық қасиеттерін дамыту. Студенттерді туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Туған жер туралы қанатты сөздер. 

                                                    Барысы:

Әнұран орындалады                                      

 Студенттер әуенмен аудиторияға  кіреді.

1.Ұйымдастыру кезеңі

Эдвайзер:  Құрметті студенттер, оқытушылар, қонақтар.  «Тәуелсіздік тұғырым»  деп аталатын ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

    Ей, қазақтың ұланы,

    Болғайсың дала қыраны.

    Жер-суын қорғау бабаның,

    Емес пе еді басты ұраны!

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды.

    Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

    Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

    Жасай бер, жаса асқардан  аса әрқашан,

    Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

 

  Біз- қазақпыз,

  Есігі ашық, төрі кең,

  Жылап өттік жылдар өмір өрінен

  Жетер енді, желпінейік, қарайық,

  Мына өмірге иегердің көзімен.

Құрметті студенттер, оқытушылар сіздерді Тәулсіздік мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. 


 

 

 

 

 

6.12.13ж. сағ. 11.30 ауд. 214 Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Тақырып: «Тәуелсіздік – бабалар аңсаған арман» Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доценттер Дощанова Б.Қ., ББ-201, 202 топ.

 

 

 

05.12.2013ж. Биология және биотехнология факультетінің №7 жатақханасында эдвайзер Асқарова З.А. және ББ203 тобының студенттерінің  ұйымдастыруымен факультет деңгейінде “Биофизика және биомедицина кафедрасының ашық есік күні” шарасы өткізілді.

Аталған шара 1-3 курс студенттеріне арналған. Оларды келешек мамандығын таңдау және ғылыми-зерттеу жүмысын бағыттау үшін кафедраның  негізгі ғылыми проектілері мен инновациялық зерттеу жұмыстарымен таныстырып жетістіктерін айтып кеті. Осы тұралы студенттер баяндама жасап кафедраның тарихын, жетекші оқытушыларымен беделді профессорларымен таныстырып презентеция жасап көрсетті, иірмелер мен клубтардың жұмысын да толық ашып білдірді.

Кездесуді студенттер қызығушылықпен қарсы алды.

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсанның 3-і  2013 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80- жылдығына арналған дзюдодан матчтық кездесу өтті. Матчтық кездесудің мақсаты дзюдо күресін  жастарға дәріптеу, спорттық колледждерде оқитын жастарды кәсіптік бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды ДЮСШ, жарысқа 6 (алты) құрама ұжымынан 48 спортшылар қатысты.

Командалар:

1.     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ №1

2.     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ №2

3.      ҚазСТА 

4.     РСК №1

5.     РСК №2

6.     Алматы қаласының құрама мүшесі 

Құрама мүшенің құрамында қатысқан   

ХДСШ – 1

СШ– 7

СШҮ – 40

Жарыстың қорытындысы келесі орындарға ие болды.

I орын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ №1 құрама мүшесі

II орын Республикалық спорт колледжінің  №1құрама мүшесі

III орын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ №2 құрама мүшесі

IV орын Республикалық спорт колледжінің  2құрама мүшесі 

V орын ҚазСТА 

VI Алматы қаласының құрама мүшесі 

 СПОРТКЛУБ

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жылы 27 қараша күні 16.00 сағатта 214 аудиторияда «1 желтоқсан - Президент күні» мерекесіне орай жүргізілетін іс-шаралары бойынша «Біздің тұңғыш Президентіміз» тақырыбында факултьтет деңгейінде ісшара Биофизика және биомедицина кафедрасының ұйымдастыруыменжүргізілді.

 

 

 

 

 

 

2013 жылдың 21-22 қараша айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының 75 жыл және  Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Биотехнология, нанотехнология және физика-химиялық биологияның өзекті мәселелері» атты  халықаралық конференция болып өтті.

 

 

 

 

Қараша айының 16-жұлдызында Биотехнология кафедрасының доценті Тұрашева Светлана Қазбекқызының ұйымдастыруымен өткен "Биотехнология заман талабы" атты  зияткерлік жарыс өткізілді. 

2013 жылдың 23.10. күні ҚР бірінші Президенті Қорының бөлімшесі «Қарасай ауданы білім беру қоры» Корпоративтік Фондының ұйымдастыруымен Қаскелен қаласында осы аудандағы орта оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында биология пәндері бойынша пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға әділ қазылар ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Н.Т.Торманов пен биотехнология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Ә.Е.Ережепов қатысты. Олимпиадаға 29 мектептен 172 оқушылар қатысты. Оқушыларға факультет жайында толық мәлімет беріліп, факультеттің буклеті таратылды.

2013 жылдың 06.11. күні ҚР бірінші Президенті Қорының Қарасай ауданына қарасты «Қарасай ауданы білім беру қоры» Корпоративтік Фондының ұйымдастыруымен Қаскелен қаласында осы аудандағы орта оқу орындарының биология пәндері бойынша сабақ беретін оқытушылардың білім деңгейін бағалау мақсатында олимпиада өтті. Олимпиадаға әділ қазылар ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Ә.Е.Ережепов пен биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Н.Т.Торманов шақырылды. Олимпиадаға 28 мектептен 37 оқытушылар қатысты. Емтихан нәтижесі бойынша келесі жылы өтетін шешуші конкурсқа қатысатын 5 оқытушы анықталды.

 

 

 

Биология  және биотехнология факультетінде New Hempshire унниверситетінің профессоры S.Minocha /АҚШ/  15.10.-26.10. 2013  лекциялар оқыған.  Лекцияларды  биотехнология кафедрасының  профессоры Атабаева С.Д. ұйымдастырған.  Лекциялардың тақырыптары  биотехнологияның  қазіргі жетістіктеріне,  полиаминдердің  өсімдіктердің метаболизміндегі роліне,  стресс  жағдайлардың өсімдіктерге әсерін молекулалық деңгейде зерттеулерге арналған.  

 

 

 

2013 жылы 25-ші сәуірде Биология және биотехнология  факультетінде «5В070100» - Биотехнология мамандығының 2 курс студенттері (БТ 201-210 топ, 120 студент) арасында факультет деңгейінде студенттік ғылыми конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., б.ғ.д., профессор Кенжебаева С.С, х.ғ.д., профессор Шоиынбекова С.А.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: «Биотехнология негіздері» курсын оқу барысында «Өсімдіктер биотехнологиясы» модулі бойынша жасаған ғылыми жобаларының нәтижелерін көпшілік алдында талқылау. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген.

   
   Конференцияның I-ші турының өткізілуі. 
     
   Конференцияның II-ші турының өткізілуі мен марапаттау рәсімі.

 

 

 

 

 

«Темекінің зияны»

 

2013 жылғы 25 қараша күні Биология және биотехнология факультетінің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында «Салауатты өмір салты» тақырыбының аясында «Темекінің зияны» атты тақырыпта кафедра куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Экология» және «Биология» мамандықтары бойынша білім алатын студенттер арасында пікірталас өтті. Бұл отырыста темекінің адам организміне, ондағы қан айналу, жүйке, тыныс алу жүйелеріне, есту, көру мүшелеріне, жекелей  әрбір органға, жүктілікке, жас нәрестеге қалай әсер ететіні туралы ақпараттар қызықты да мазмұнды етіп баяндалды. Басқа да осы аттас тақырыптағы отырыстардан бұл пікірталастың айырмашылығы – студенттер темекінің тарихы, құрамындағы зиянды қосылыстарды ғана біліп қоймай, темекіге қатысты басқа да балмалы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ темекінің әсері туралы көпшілік арасында кең тараған жалған пікірлер туралы да мәселелер сөз болды. Пікірталастың тартысты  өтуіне студенттер, куратор-эдвайзерлермен қатар салауатты өмір туралы факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары да өз ойын білдірді. Сөз соңында Абай атамыздың «бес нәрсеге асық бол..., бес нәрседен қашық бол...» деген сөзі, егер қазіргі таңда айтылған болса, жаман дағдылардың қатарына темекі, нашақорлықты да қосып айтар еді-ау деген ой айтылды.

1 курс ББ мамандығының магистранттарының Президент Мұражайына баруы

Биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының "Биология" мамандығынды оқитын 1 курс магистранттарының Тұңғыш Президент күніне орай "Президент Мұражайына" саяхат жасады.  

Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық

    16.11.2013 жылы Биология және биотехнология факультетінің аға куратор эдвайзері  Шарахметов С.Е., Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының  аға куратор эдвайзері Мамурова А.Т. және кафедра  куратор эдвайзерлері: Кегенова Г.Б., Баймурзаев Н.Б., Ахтаева Н.З., Сапаргалиева Н.С., Ахметова А.Б.  топ студенттері мен Медеу Спорт Кешеніне  салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық іс шара өткізіп қайтты.  Іс  шара барысында әртүрлі спорттық ойын түрлеріне жарыстар (ұзындыққа жүгірі, қапппен секіру, конькимен жарыс) ұйымдастырылды. Конькимен жарыстан балық шаруашылығы мамандығының 201-202 топтары студенттері атап айтқанда  Сансызбай Анар және Сармолдаева Гафиза мәреге бірінші болып жетті. Ұзындыққа жугіріден Айтжанова Маржан  мен Саматова Әдемі бірінші болып мәреге жетіп бас жүлденге ие болды.  Осындай табиғат аясында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізілетін іс шаралар әліде болашақта жалғасын табады деген үміттеміз. 

 

 

 

"ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап"

15-қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапханасында Биология және биотехналогия факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлерінің 1-курс студенттері 13-01 және 13-02 топтарының ұйымдастыруымен Жүз кітап аясында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Қанаев ашылу салтанатын бастап сөз сөйледі. Әшімхан Тоқтасынұлы өз сөзінде: « Елдің болашағы жастардың қолында.Кез келген қазақ баласы Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын, қара сөздерін, «Абай жолы» романын білу керектігін атап өтті. Келесі сөз кезегі Ахтаева Нұрсұлу Зияханқызына берілді. Нұрсұлу Зияханқызына студенттермен өз ойын бөлісті. Университетіміздің кітапханасында алғаш өткізіліп отырған дөңгелек үстел сіздердің тараптарыңыздан жоғары дәрежеде өткізілді. Осындай іс шара өткізу барысында студенттердің жан–жақты болуына, студенттердің араторлық қабілеттерінің жоғарлауына өз септігін тигізетіндігін ашып көрсетті. Дөңгелек үстелдің  ауқымды тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы. Дөңгелек үстелге студенттер бір кісідей ат салысып, өз ойларын ортаға тастады. Түрлі мәселелерді талқылады. Әбдрахман Ақбота, Дігәрбекова Бота, Нокербанова Айдана  өздерінің арнайы дайындап келген баяндамаларын оқып,  әдемі жасалған презентацияларымен таныстырды. Абай атамыздың өміріне, қара сөздеріне тоқталды. Ондағы негізгі айтылған ойды ортаға салды. Әр түрлі жағдаяттарды түсіндірді. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі Ә.Т.Қанаев мырза тағыда осындай ауқымды тақырыпта дөңгелек үстел өткізіліп тұруына ұсыныс тастады.  Осындай іс-шара ұйымдастырып отырған биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор - эдвайзерлеріне, 1-курс студенттері өзіндерінің алғыстарын білдіріп жатты.

  

2013жылдың 24 қазанында биология және биотехнология факультетінің деканы биология ғылымдарының докторы, профессор Тамара Минашқызы Шалахметованың қолдауымен студенттер арасында мини-футболдан «Кубок декана» турнирі ұйымдастырылды. 

   
   

Жауапты: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Баймұрзаев Н.Б.

 

20.09.2013 ж. Биология және биотехнология факультеті Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс- шараның мақсаты: Қазақ тілінің қолдану аясының ұлғайту, қазақ тілінің мәртебесін жоғарлату, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру.

Іс -шара қонақтары:

1.     «Айқын» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Берік Бейсенұлы

2.     Экономика бөлімінің шолушысы Құтмағамбет Қонысбай 

Іс - шара ұйымдастырушылар: Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор эдвайзерлері

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

Сабаққа қатысу нәтижесі бойынша

ПІКІР

Біз, төменде қол қоюшылар, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы кафедра меңгерушісі б.ғ.д, профессор   Ә.Т. Қанаев және оқытушылары б.ғ.к., профессор м.а Ә. Ә. Әметов, Ә. Б. Бегенов, С. Т. Назарбекова., биология және биотехнология факультетінің әдістемелік бюросының мүшесі, б.ғ.к., доцент Ж.Қ Жүнісбаева. 2013 жылдың қазан айының 7 жұлдызында б.ғ.к., доцент қызметін атқарушы Б.М Тыныбеков “Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау тақырыбында 5В060700 (ББ 101, 102, 103)- Биология мамандығының 4 курс студенттеріне 16 аудиторияда 08.30 – 09.20 аралығында «Қазақстан биоресурстары» пәні бойынша өткізген ашық дәріс сабағына қатыстық . 

Сабаққа қатысу нәтижесі бойынша.doc

9 қазан 2013 жылы  биология және биотехнология факультетінің профбюро мүшелерінің ұйымдастыруымен, факультет қызметкерлері мен студенттеріне арналған  «Керекті қажетті заттардың тегін  жәрмеңкесі»  өтті. Ұйымдастырушылар  бір апта көлемінде  факультет қызметкерлері әкелген заттарды жинады. Олар: кітаптар, фильмдері бар дисктер, сувьенерлер, сумкалар, киімдер, тұрмысқа қажетті заттар және т.б. Біреуге қажет болмаған заттар, басқа бір адамның қажетіне жарауы мүмкін. Керек емес заттарды тастап, экологиямызды  былғауға болмайды. Осы жәрмеңкені ұйымдастыру кезінде ең белсенді  қатысушылар - биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы мен биомузей. Жәрмеңке сәтті өтті -  әрбір зат өзінің жаңа иесін тапты.  Жәрмеңкеге қатысқан көпшіліктің айтуы бойынша,  осындай жәрмеңкелерді өткізу өте қажет және пайдалы болып табылады деді.  

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Сапаров Қуандық Әбенұлы 19 қыркүйекте 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бүгіні мен келешегі және “Биология және биотехнология факультетінің және оның құрамындағы кафедралар туралы” сөз болды. Студенттер қызығушылық білдіріп, көптеген сұрақтар қойды. Кездесу қызықты  және тартымды өтті. Кездесу соңында студенттер домбырада ойнап берді.

 

 

 

 

Хронобиология орталығы мен «Биомедицина және биофизика проблемалары » үйірмесінің жетекшілігімен және биофизика кафедрасының  эдвайзерлік топ Б.Уршееваның ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Ұлттық кітапханамызда “Темекі мен есірткіден сақтанайық” атты іс-шара өткізілген болатын. Іс-шараның басты мақсаты – зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сақтауды насихаттау мәселесі болып табылады. Ендеше  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз, сондықтанда өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда. 

                                                   

 

 

Құрметті биология және биотехнология факультетінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен әріптестері!

 

Сіздерді 2013 жылы 20 қараша күні 15.30 сағатта ҚазҰУ кітапханасында, 2 конференц залында өтетін  «Темекі мен есірткіден сақтанайық!» тақырыбында жүргізілетін  ғылыми-тәрбиелік семинарға

шақырамыз.

 

    Ұйымдастырушы:

Биофизика және биомедицина кафедрасы 

 

 

 

 

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және әріптестер!

 

Сіздерді 2013 жылы 23 қыркүйек күні 14.00 сағатта

427 аудиторияда «22 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесіне орай жүргізілетін іс-шаралары бойынша

«Тіл тәуелсіздік тірегі» тақырыбындағы

поэзиялық кешке шақырамыз.

 

Ұйымдастырушы:

Биофизика және биомедицина

кафедрасының ұжымы

 

 

Құттықтаймыз!

Биофизика және биомедицина кафедрасының 050113-Биология-педагогика мамандығының 3 курс студенттері:

Қалдықараева Ақлес

Әскербай Гулназ

Сулейменова Амина

Камалова Мәншүк

Команданың жетекшісі: профессор Н.Торманов

Эдвайзер-куратор: доцент Бактыбаева Л.К.

Алматы қаласында ″Алатау″ санаториясында өткен (3-5 мамыр, 2013ж) ″Дарынды балаларға-талантты ұстаз″ VIII Республикалық Олимпиядасына қатысып, жоғары оқу орындарының 16 командасының ішінен  II-дәрежелі дипломды жеңіп алды.

              Шын жүректен құттықтаушы кафедра ұжымы.

 

 

Биология және биотехнология факультетінің Биофизика және биомедицина кафедрасы 2013 жылы наурыз айының 5-жұлдызында  №7 жатаханада кафедрасының эдвайзері Л.Қ. Бақтыбаеваның басқаруымен ББП101К, ББП102К,ББП103Р эдвайзерлік топ студенттері «Сыйынар ем Ана деген тәңірге. 8 наурыз-Халықаралық әйел күні» тақырыбымен кафедра күні өткізді». Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, өлендер, презентациялар, мақал-мәтелдер.

 

 

 

 

 

 

 

«22 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесіне орай

Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалі апталығы аясында биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының  эдвайзерлерінің ұйымдастырылуымен  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты поэзиялық кеші өтті.

                             

 

 

 

 

2013 жылы 25-ші сәуірде Биология және биотехнология  факультетінде «5В070100» - Биотехнология мамандығының 2 курс студенттері (БТ 201-210 топ, 120 студент) арасында факультет деңгейінде студенттік ғылыми конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., б.ғ.д., профессор Кенжебаева С.С, х.ғ.д., профессор Шоиынбекова С.А.

 

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: «Биотехнология негіздері» курсын оқу барысында «Өсімдіктер биотехнологиясы» модулі бойынша жасаған ғылыми жобаларының нәтижелерін көпшілік алдында талқылау. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген.

   
   Конференцияның I-ші турының өткізілуі. 
     
   Конференцияның II-ші турының өткізілуі мен марапаттау рәсімі.

 

   

24 сәуір күні дене тәрбиесі және спорт кафедрасы студенттер мен ОПҚ қатысуларымен «ҚазҰУ Гринкампус» қозғалысы аясында акция өткізді. Оқытушылар мен студенттер № 10 жатақханаға бөлме гүлдерін сыйға тартты.

 

 

 

 

 

 

    

22 сәуір күні дене тәрбиесі және спорт кафедрасы студенттер мен ОПҚ қатысуларымен «Айналаңды нұрландыр» қозғалысы аясында акция өткізді. Оқытушылар мен студенттер өз қолдарымен икебаналар композицияларын жасап, спорт кешенінің холында әшекей ретінде орналастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп бітірушілерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқуға түсуге тарту мақсатымен № 35 мектеп-гимназиясында және Алматы қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери спорт колледжінде Вишнякова Н. П., Романова О.В., Синельникова Г.А. аға оқытушыларымен 2013ж 17-18 сәуірінде кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді.

 

Кездесу барысында оқытушылар ҚазҰУ факультеттері туралы ақпарат беріп «ҚазҰУ оқитын олимпиадаға қатысушылар», «ҚазҰУ спорт жағдайы » тақырыптарына видео материалдар көрсетілді. Аталған іс-шара жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

 

 

 

2013 жылы 15 ақпан күні сағ. 15.00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, хронобиология орталығының төрағасы профессор С.Т.Төлеуханов жетекшілігімен кафедра ұжымы «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

 

Биофизика және биомедицина кафедрасының 1 курс студенттері және осы курстың кураторы б.ғ.к. Г.Қ. Атанбаеваның ұйымдастыруымен  «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында  семинар жүргізілді. Семинарға университетіміздің тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінен С.С.Жандыбаева, студенттік медициналық пункттен А.Р.Сабитова бастаған медбикештер, биология және биотехнология факультетінің Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары, доцент З.Б.Есимсиитова, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, доцент Ә.Е.Ережепов, биология және биотехнология факультетінің студенттер қауымы және оқытушылары қатысты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  14.02.2013ж. сағ. 9.25-10.20 Биофизика және биомедицина кафедрасының 1 курс студенттері және осы курстың кураторы б.ғ.к. Г.Қ. Атанбаеваның ұйымдастыруымен  «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында  кафедрада ашық кураторлық сағат жүргізілді.  Онда кафедра меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.Т. Төлеуханов, орынбасарлары б.ғ.к., доцент Н.Т. Аблайханова, С.А. Шарипова және оқытушылары б.ғ.к., доценттері: Асқарова З.А., Сраилова Г.Т., аға эдвайзер Құлбаева М.С. қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу жылы басталды...

Міне, өздеріңіз куәгер болып отырғандай өзіміздің биология және биотехнология факультетінің шаңырағына білім іздеп келген ізденушілер жылдан жылға артуда. Жан-жақтан келген студенттер білім алудан бұрын, олардың көкейкесті мәселелері жатақхана болды. Сол мәселе ортаға алына отырып, деканымыз б.ғ.д., профессор        Т.М. Шалахметова  мен жатақхана меңгерушісі Ж.Б. Жолтаеваның ұйымдастыруымен қыркүйек айының  9 жұлдызында жатақхана студенттерімен жиналыс өткізілді. Жиналыста негізгі мәселе  болып жатақхана өмірі мен оның ережелері қарастырылды. Кейіннен, білім жолындағы мәселелер талқыланды. Осы кезекте б.ғ.д.,  доцент, деканның оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Е. Ережепұлы бизнес- инкубатор, ТЕМПУС- 159025 жобасы жайында хабардар етті.  Жиналысты жатақхана меңгерушісі Жанна апай студент болуларымен құттықтай отырып,  «Болашаққа ұмтылыс жасап, тек қана алға!» - деген қанатты сөздерімен аяқтады.

 

 

 

      


 

 

 

 

 

 

Ұстаздық еткен жалықпас...

№7 жатақханада өткізілетін іс-шаралыр өте көп. Соның бірі, Қазақ Ұлттық Университетінің б.ғ.д., профессор К.Ә. Дәутбаеваның жатақханадағы кезекшілік кезіндегі  I, II курс студенттерімен кездесуі өткізілді. Ұстазымыз кездесу басын «Ұстаздық еткен жалықпас» атты қысқаша дәрісімен бастады. Дәрістің мақсаты төменгі курс студенттеріне еңбек етуді, еңбектің нәтижесінде көптеген алға қойған мақсатқа жетуге болатынын, одан басқа да адамгершілік ұғымында айта кетті. Дәрістің соңы еркін сұхпатпен жалғасты.

Көздері мөлдіреген I курс студенттеріне тәлім- тәрбие беретін жақсы- жақсы мәселелер айтылды.  Осындай  қазақтың ұл - қыздарын тәлім - тәрбиеге, адамгершілікке үйретіп,  керемет,  мағыналы,  қанатты сөздерін айтып,  алтын уақытын бөлген ұстазымызға I курс студенттерінің алғысы шексіз. 

Б.ғ.д., профессор К.Ә. Даутбаева алдағы уақытта осындай кездесу жасап, жатақханаға тағы да келетінін атап, айта кетті.

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

Көгалдандыру.

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д.,  профессор С.С. Айдосова, кафедра доценті Н.З. Ахтаева, Г.К. Ерубаева, А.Т. Мамурова мен бірге «Фитодизайн», «Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмелерінің студенттерінің (Эко105-106қ, Эко101-103қ, ББ202қ топтары) ұйымдастыруымен «Кафедра күніне» арналған №7 жатақханада көгалдандыру мерекелтік іс- шарасы өткізілді. Мерекелік шараға тек  жатақхана студенттері ғана емес факультет деканы б.ғ.д., профессор Т.М. Шалахметова және деканның орынбасары б.ғ.к., доцент З.Б. Есимсиитова, сондай-ақ жатақхана меңгерушісі Ж.Б. Жолтаева және жатақхананың студеннттік кеңес мүшелері Б.Үсіпбек, Т.Алиева, Қ.Тастамбек ашық аспан аясында әуеленген ән әуенімен шаттана жүріп, белсене жұмыс жасады. Санаулы уақыт аралығында көгалдандыру мерекелік іс- шарасы аясында жатақханаға 30- дан астам бөлме гүлдері отырғызылып, сыйға тартылды.

 

Қазақстан білім қоғамы жолында.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.д., профессоры, академик  Қ.Ә. Сапаров қыркүйек айының 21- жұлдызында елбасымыз   Н.Ә. Назарбаевтың  Назарбаев университетінің дәстүрлі жиынында «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты оқыған дәрісін,  биыл түскен  I курс студенттеріне талдап, дәріс ішіндегі «Терең    білім – тәуелсіздік тірегі» бөліміне ерекше назар аударды.

Кейіннен, жастарға қандай жоғарғы оқу орнында екендігін, оның дипломының маңыздылығын, басқа  ВУЗ-дардан ерекшелігін айқын көрсетіп берді. Сөз соңында, бабаларымыз айтқандай, «Білім – инемен құдық қазғандай» деп, профессор жастарға ақ батасын берді.

 

2012 ж. 5 қазан күні  сағат 16.00-де  2-ші залда өткен  «Мұғалімдер күніне» арналған мерекелік іс-шара

Ұйымдастырушылар: Эдвайзерлер Атабаева С.Д., Шоинбекова С.А., Асрандина С.Ш., Кенжебаева С.С. жетекшілігімен  «Биотехнология» мамандығының   1-ші және 3-ші курстардың   студенттері  

 

 

 

                       

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы 2012 жылдың қазан айының 5-ші жұлдызында Алматы қаласының Ж.Жабаев атындағы №161 лицей ұжымын ұстаздар күнімен құттақтау мақсатында мерекелік іс шара өткізді. Кафедра меңгерушісі, б.ғ.д., профессор С.Т.Төлеуханов және кафедра ұстаздары б.ғ.к., профессор Н.Т.Торманов, б.ғ.к., доцент Н.Т.Абылайханова, б.ғ.к., доцент А.Ә.Мәутенбаев, б.ғ.к., аға оқытушы М.С.Кулбаева, б.ғ.к., оқытушы Г.Қ.Атанбаева жетекшілігімен ұйымдастырылған мерекелік іс шарада студенттер қауымы, ұстаздарға арнап, жүрек жарды жыр шашуларын тарту етті. Бұл іс шараның негізгі мақсаты: университет пен лицей арасындағы бірлескен жұмыстарды нығайта отырып, сапалы білім мен саналы тәрбиеге бағыттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Ана тілің- арың бұл

2012 жылғы тілдер фестиваліне биология мамандығының орыс және қазақ бөліміндегі 1 және 2 курс студенттерінің арасында жарыс ұйымдастырылды, халық ауыз әдебиеті жыңғырды (жұмбақтар мен жаңылтпаштар, халық күйлері мен әндері және де қазіргі жаңа әндер мен туындылар). Сол кешке Бб206-о, Бб207- о  топтарының куратор- эдвайзерлері және профессор Назарбекова  С.Т., сонымен қатар қазақ бөлімінің куратор- эдвайзері, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Чилдебаева А.Ж. атсалысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жүректен жүрекке! Біздің өмірімізде ҚАТЕРЛІ  ІСІККЕ орын ЖОҚ!

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтің қатерлі ісікке қарсы қүрес 2012 жылын қолдау мақсатында ҚазҰУ «Парасат» кәсіп-одағының қолдаумен «Жүректен жүрекке! Біздің өмірімізде ҚАТЕРЛІ  ІСІККЕ орын ЖОҚ!» –атты Қазақ қатерлі ісік және радиология ҒЗИ,  балалар қатерлі ісік бөлімінде, қайырымдылық шарасын  биология және биотехнология факультетінің, «биология» - мамандығының  2 курс студенттері (ББ206-р және ББ207-р оқу топтары,  куратор/эдвайзер, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессор міндетін атқарушы Назарбекова С.Т., кафедра меңгерушісі проф. Айдосова С.С.)  20.10.12 өткізді. Студенттер шиналған ақшаның барлығына сол жерде жатқан 1,7 жас пен 14 жас аралығындағы 45 балаға сыйлық дайындады. «АРТ терапияға»  қажетті заттарды, тәттілерді, ойыншықтар, жеміс- жидектер мен «Дельфиндердің шоуы » атты бейнетаспа ұйымдастырды. Біздің акцияға ерекше назар аударып келген «Фиерия» сайқы- мазақтар мен «Меломан» (кітептар, стөл ойыншықтары) сауда үйі ат салысты. Осы аталған сауда үйі мен сайқы- мазақтарға айтар алғысымыз шексіз. Халі мүшкіл балалардың ата-аналары бізден қол ұшын беруімізді сұрады. Қол ұшын беремін деуші қайырымды жандар болса, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессор міндетін атқарушы Назарбекова С.Т. хабарласуларыңызға болады (раб.тел. 8 727 377 33 34, доп. 1204 и мобил. 8 777 537 99 01).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

                           «Балмұздақ PARTY» атты 1 курс студенттеріне арналған кеш.                        

Студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен №7 жатақханасының студенттеріне арналған «Балмұздақ PARTY»  атты қабылдау күні өте қызу дайындықпен басталды. Өтілетін орынды безендіруге студенттер кірісе бастады, кешке аса қадірменді қонақтар шақырылды. Осындай керемет кештің аса құрметті қонақтары: биология және биотехнология факультетінің деканның оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есимсиитова Зура Бүркітқызы  және №7-ші жатақхананың студенттерінің анасы Жанна Базарбекқызы болды. Осы аталған құрметті кісілер студенттерді құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін айтып кетті. «Әу» демейтін қазақ жоқ демекші, қазақ халқы өнерге жақын болғандықтан арты әсем ән мен мың бұралған би, ойынға ұласты. Студенттердің қуанышында шек жок, олар үшін бұл ұйымдастырылған кеш ерекше еді, себебі,  студенттік өмірлері басталғалы бері алғашқы кеш болды. Әр бір жас студенттің жүзінен мұндай керемет күні тек шаттық пен қуаныш көруге болады. Студенттер осындай керемет күнге студенттер кеңесінің мүшелеріне осындай кешті ұйымдастырған кісілерге мың алғысын айтты. Бұл күн бір ерекше күн болды, әр студенттің ұмытылмас күніне айналды.

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

Ашық есік күні

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы 2012 жылдың қазан айының 20 жұлдызында №7 жатақхана студенттер кеңесінің мүшелерімен ұйымдаса отырып ашық есік күнін өткізді. Ол мерекелік ашық есік күнін негізгі ұйымдастырушысы биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы Маржан Сусаровна және аталған кафедра профессорлары. Өздерінің кафадралары туралы толық мәлімет беріп, атқаратын жұмыстарымен, өздерінің айналысатын бағыттарымен жаңа түскен 1 курс студенттеріне таныстырды. Студенттер айтылған мәліметтерді тыңдап, қосымша сұрақтар койды. Жиын соңы жастардың би кешімен аяқталды.

КУБОК ДЕКАНА

2012 жылдың 31 қазанында биология және биотехнология факультетінің деканы биология ғылымдарының докторы, профессор Тамара Минашқызы Шалахметованың қолдауымен студенттер арасында мини-футболдан «Кубок декана» турнирі ұйымдастырылды. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Баймұрзаев Нұрлан Бейсембекұлы мен дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Таганова Наталья Петровна жарыстың бас төрешілері болды. Сайысты Наталья Петровна өзінің рухы биік сөздерімен және салауатты өмір салты туралы айта келе, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс шымылдығын ашты. Жарыста биология және биотехнология факультетінің студенттік деканы Кариева Фаризаның ұйымдастыруымен студенттің өзін-өзі басқару ұйымдарынан құралған қыздар тобы да барынша ойыншыларға қолдау көрсетті. Намысты қолдан бермейтін жігіттер өз күштерін барынша салып, оза шыққан үштікке 4 курс студенттерінен құралған команда, «Барыс» командасы және дене шынықтыру мамандығының студенттерінен құралған команда ілінді. Үштіктің алды болған, декан кубогын қанжығаларына байлаған 4 курс студенттерінен құралған команда алда болды. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен қақпашылар да шетте қалмай үздік қақпашы номинациясын 4 курс студенті Сансызбаев Қасым («Биология» мамандығы), үздік шабуылшы номинациясын Жақсығұлов Шыңғыс («Физкультура және спорт» мамандығы),  алды, ал үздік бомбардир - Қартбаев Саламат («Балық шаруашылығы» мамандығы), үздік қорғаушы - Сейсембинов Тимур («Балық шаруашылығы» мамандығы), үздік ойыншы - Бекенов Мади («Экология» мамандығы) атанды. Жарыс соңында биология және биотехнология факультетінің спорт мәселелерінің жетекшісі Баймұрзаев Нұрлан Бейсембекұлы жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап,  құттықтады. 

                                                     

                                              

 

2012 жылы 23-ші желтоқсанда ҚазҰУ-нің №7 жатақханасында Биотехнология кафедрасының дроценті, б.ғ.к. Асрандина С.Ш. ұйымдастыруымен биотехнология, биология мамандығының 2 курс студенттеріне арналған «Биотехнология кафедрасының ашық есік күні» өткізілді. Өткізілген шара барысында  студенттер кафедраның оқу-тәрбиелiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстармен және бүгінгі күні жүргізіліп жатқан  көкейкестi ғылыми зерттеулердiң бағыттарымен жан-жақты танысы, сондай-ақ, студенттер қызықтырған мәселелер қызу талқыға салынды.

 

 

 

б.ғ.к. доцент  С.Ш.Асрандина студенттермен бірге
кафедраның ғылыми бағыттарын қызу талқылау үстінде

Источник: http://www.kaznu.kz/kz/4897/page/DepartmentsFacult...


Теги к новости - 1 сыныпта ата аналар жиналысын ?алай ?ызы?ты ?ткізуге болады

Папка: Давление - 1 сыныпта ата аналар жиналысын ?алай ?ызы?ты ?ткізуге болады